Бас прокурордың орынбасары тағайындалды

Ұлан Байжанов бұған дейін "Зерде" ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі" АҚ-да тәуелсіз директор қызметін атқарған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурордың тағы бір орынбасары тағайындады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Қазіргі кезде бас прокуратураны Ғизат Нұрдәулетов басқарады. Оның Ұлан Байжановтан басқа тағы төрт орынбасары бар. Олар – Берік Асылов (бірінші орынбасары), Ерлік Кененбаев, Болат Дембаев және Әсет Шындалиев.
Байжанов бұған дейін "Зерде" ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі" АҚ-да тәуелсіз директор қызметін атқарған.

Ұлан Байжановтың өмірбаяны

Ұлан Сапарұлы Байжанов 1958 жылы 9 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, мамандығы – заңгер. Еңбек жолын "КазГУград" КП-да аға заң кеңесшісі болып бастаған.
1983-1987 жылдары - Қазақ КСР ,аспа істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің "Казкнига" РО бөлімінің бастығы;
1987-1991 жылдары - Алматы қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы, заң бөлімі бастығының орынбасары, әкімшілік органдар бөлімінің бастығы, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы;
1991-1995 жылдары – Алматы қаласы әділет департаментінің бастығы, әділет министрлігінің алқа мүшесі;
1995-1997 жылдары – "Алматы - Заң" заң орталығының бас директоры;
1997-1999 жылдары – "Қазақтелеком" ААҚ вице-президенті;
1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер вице-министрі;
2003 жылғы қаңтар-наурыз – "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ-ты құқықтық қолдау жөніндегі атқарушы директор;
2003 жылғы наурыз-шілде – "ҚазМұнайТеңіз" теңіз компаниясы" ЖАҚ бас директорының орынбасары;
2003-2005 жылдары - "Нефтеконсалтинг" ЖАҚ президенті;
2005-2008 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ президенті аппаратының жетекшісі, бизнесті қолдау және құқықтық қолдау жөніндегі вице-президенті;
2009-2011 жылдары – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры; "Тау-Кен Самұрық" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
2011-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы басқармасының бастығы, Бас прокуратураның Еуропа елдеріндегі және халықаралық ұйымдардағы арнайы өкілі;
2015-2017 жылдары – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры;
2017-2018 жылдары "Казкоммерцбанк" АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
2018 жылдың қазан айынан бастап – "Цесна Банк" АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі;
2018 жылдан 2019 жылға дейін – "Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
2020 жылдың ақпанынан бастап - ҚР ҰОК Тексеру комиссиясының төрағасы;
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап – "Зерде" ұлттық холдингі" АҚ тәуелсіз директоры.
"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ-сы мен "Tengri Bank" АҚ-сы директорлар кеңесінің мүшесі болған. II дәрежелі "Даңқ" ордені бар.