Әлем

БАҚ Украинаның бірнеше қаласында жарылыстар болғанын хабарлады

Киев, Краматорск және Одессада жарылыстар естіледі, деп хабарлайды БАҚ пен әлеуметтік желілер
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан - Sputnik. Киев, Краматорск, Одесса, Харьков, Бердянск, сондай-ақ Борисполь әуежайында жарылыстар естілді, деп хабарлайды РИА Новости.
Болжам бойынша, Украина әскери күштерінің базаларына шабуыл жасалды.
Жергілікті БАҚ Киев тұрғындары шұғыл түрде астанадан кетіп жатқанын жазады.
"НАТО-ның кеңеюіне байланысты жағдай қауіпті бола түсті. Олар өз позицияларын нығайтып жатыр. Біз үнсіз қалмаймыз", - деді Путин.
Путин Ресей посткеңестік кеңістікте құрылған елдердің егемендігін құрметтейтінін және және оған Қазақстан үлгі болатынын атап өтті.
"Ресей КСРО ыдырағаннан кейін жаңа геосаяси жағдайды қабылдады. Біз посткеңестік кеңістікте жаңадан құрылған барлық елге құрметпен қараймыз. Біз олардың егемендігін құрметтедік және құрметтейміз. Оған мемлекеттілігі мен тұтастығына қауіп төнген кезде Қазақстанға көрсеткен қолдауымыз дәлел бола алады", - деді Путин.
Саясат
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді