НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Ақтаудағы әскери гарнизонда сарбаз жарақат алғанын хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, 24 ақпанда Ақтау гарнизонының әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер әскери техникаға қызмет көрсетіп жатқанда жарақат алған.
"Қазіргі уақытта сарбазға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер әскери қызметшінің жағдайын орташа ауыр деңгейде деп бағалап отыр", - дейді министрлік мамандары.
Ақтау гарнизонының әскери полициясы тексерісті бастап кетті. Олар оқиғаның себебін анықтайды.
Әскери қызметші 2021 жылдың күзінде Ақтөбе қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған.