НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Қызылорда облысында қону кезінде Ан-2 ұшағында өрт шықты, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.
Оқиға 23 ақпанда сағат 12:30-да Арал елдімекенінен он шақырым жерде болған.
Жеңіл мотролы ұшақ "Қызылорда – Арал" бағыты бойынша санитарлық рейстерді жүзеге асырған.
"Бортта экипаждың екі мүшесі мен бір жолаушы болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық апаттарды тергеу департаменті оқиғаның себебін зерттейтін болады.
Ұшақ "Тараз Жаңа Әлем" жеке әуе компаниясына тиесілі.