Қаңтар оқиғасы

Полиция Алматы әуежайында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді - видео

Қаңтардың басында Алматыдағы әуежайды бүлікшілер басып алған кезде нысан ішіндегі дүкендер тоналды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Көліктегі полиция департаменті форма киген адамдар косметика дүкенінде тауар тонап жатқан видеоға қатысты Sputnik Қазақстанға түсініктеме берді.
Біраз бұрын журналист Михаил Козачков Алматы әуежайын бүлікшілер басып алғаннан кейін полиция мен ТЖМ қызметкерлері нысанды күзеткенін жазды. Журналист олар өзіне жүктелген міндетті орындаудың орнына тоналған косметика дүкенінде қалған тауарларды қолды еткенін айтты.
"Алматы Халықаралық әуежайының бақылау камерасына түсірілген видеодағы форма кигендердің іс-әрекетіне қатысты тексеру шаралары жүріп жатыр. Оның нәтижесі туралы хабарлаймыз", - деді полицияда.

Әуежайды басып алу

Қазақстанда қаңтар оқиғасы кезінде бүлікшілер Алматы әуежайын басып алды. Нысанды бүлікшілерден босату кезінде қақтығыс болды. Әуежай жұмысы 13 қаңтарда қайта қалпына келтірілді.