НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Ішкі істер министрлігі ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Polisia.kz.
"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат тараған болатын.