Өңірлер

Ақтөбелік полицейлер құйрық майдың ішінен телефон тауып алды

Әйел өзінің кінәсін толық мойындады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде қойдың құйрық майына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбеде қойдың құйрық майына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған әйел ұсталды
Ақтөбеде тергеу изоляторының күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде қойдың ысталған құйрық майының ішінен телефон мен 2 sim-карта тауып алды.

Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 34 жастағы Е. В. есімді азаматша “қарақшылық” бабымен сотталған інісіне жеткізбек болған. Телефон тәркіленді.

Азаматша Е. В. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады.
Құқық бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.