Экономика

Утилизациялық алым ставкасы ертең жарияланады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстан утилизациялық алымның жаңа ставкалары қанша теңге болатынын анықтады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ертең автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникаларына утилизациялық алым ставкалары жарияланады", - деді министр үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизациялық алым ставкасын төмендету көзделіп отырғанын мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар премьер қоршаған ортаны ластайтын заттарды төмендетуге, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін, жетілдіру, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Экономика
Қазақстанда утилизациялық алым төмендейді