Экономика

Қарағанды мен Теміртауда 70 млн теңге пайда тапқан қаржы пирамидасы анықталды

Олар азаматтарға салым сомасының 10%-і мөлшеріндегі төлемді қайтарып отыруға уәде еткен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Қарағанды мен Теміртау аумағындағы қаржы пирамидасының жолын кесті.
"Олар азаматтарға салым сомасының 10%-і мөлшеріндегі төлемді қайтарып отыруға уәде еткен. Пирамида ұйымдастырушылары 200 000 теңгеден 25 000 000 теңгеге дейінгі сомада инвестиция тартуды "жоспарлаған". Мерзім - бір айдан бір жылға дейін", - делінген агенттіктің хабарламасында.
Олар Instagram әлеуметтік желісінде жарнама жасап, көптеген адам инвестиция салу арқылы пайдаға кенеліп жатқандай етіп көрсеткен. Бұған сенген тұрғындар пирамидаға 70 миллион теңге салған.
Қоғам
Қаржы пирамидасын ашқандар халықтың ақшасына Түркиядан бірнеше пәтер сатып алған
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейінгі мерзімге "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны хабарланды.
Инфографика
Қаржы пирамидасы: белгілері мен қорғану тәсілдері