НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Казгидромет 23-ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, ақ теңіз аудандарынан келетін циклон жырасы елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлері арқылы өтетін болады.
Сол арқылы елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Еліміздің қалған аумағында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді.
Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, шығыс жартысында бұрқасын болуы мүмкін.
Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең солтүстігінде және облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың батысы мен оңтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, түнде шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз солтүстігінде, батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі, түнде Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысында, орталығында солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының орталығында тұман түседі.