Экономика

Brent мұнайының бағасы 97 доллардан асты

Мұндай баға соңғы жеті жарым жылдың ішінде алғаш рет тіркеліп отыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Әлемдік мұнай бағасы қымбаттап, Brent маркалы мұнайдың құны 2014 жылдың 30 қыркүйегінен бері алғаш рет барреліне 97 доллардан жоғары көтерілді, деп хабарлайды РИА Новости сауда-саттық деректеріне сілтеме жасап.
Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің бағасы барреліне 97,38 долларға дейін, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері барреліне 93,31 долларға дейін өсті.