НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан — Sputnik. 2022 жылы Америка долларына қарағанда британ фунты әлдеқайда сенімді әрі тұрақты болуы мүмкін.
Англия банкі жүргізіп отырған саясаттың арқасында ол АҚШ валютасына бәсекелес бола алады.
"Прайм" агенттігіне "Финам" қаржы тобының аналитигі Андрей Маслов айтқандай, наурызда Федералды резерв мөлшерлемесін арттыру жоспары аясында доллар салымдарға арналған әлдеқайда тартымды валюта болып отыр.
"Сенімділік қағидасы бойынша қорғаныш валюталарын қарастыру кезінде иен, еуро мен франкке сенім артудың қажеті жоқ. Себебі осы жылы бұл елдердегі орталық банктер қатаң шара қабылдаған жоқ. Сондықтан мөлшерлемені арттыруы екіталай", - деп ескертті аналитик.
Масловтың айтуынша, Англия банкі 2004 жылдан бері екі рет қатарынан мөлшерлемені өсірді.
Аналитиктер британдық жауапты ведомство инфляцияға байланысты мұны жалғастыра береді. Нәтижесінде фунт доллардың бәсекелесіне айналады.