Қаңтар оқиғасы

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайын басып алғандар табылды

Қару-жарақты Алматы қаласы мен Алматы облысында арнайы жабдықталған қоймаларға жасырған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы халықаралық әуежайын басып алып, қиратқандар анықталды. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бір топ күдікті жеңіл көлікпен "Оружейник" қару-жарақ дүкеніне келіп, есігін сындырған. Сөйтіп 15 тегіс ұңғылы қару мен оптикалық көздегіші бар төрт иір ойықты карабин ұрлаған.
Қару-жарақты Алматы қаласы мен Алматы облысында арнайы жабдықталған қоймаларға жасырған. Артынан оларды сатып жіберуді жоспарлаған.
"Бұған қоса, тергеу барысында жоғарыда айтылған адамдардың Алматы халықаралық әуежайын басып алуға және қиратуға қатысқаны анықталды", - деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қоғам
Бас прокуратура мәйітханадан серіктесінің денесін ұрлаған ер адам туралы айтты