НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ көшбасшысы Джо Байден Франция президенті Эммануэль Макронның саммит аясында кездесу туралы шақыруын қабыл алды.
"Макрон президент Байден мен президент Путин арасында саммит өткізуді ұсынды. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және стратегиялық тұрақтылық мәселелері жөнінде мүдделі тараптармен кездесу өткізу көзделіп отыр. АҚШ пен Ресей президенттері мұндай саммит өткізу туралы идеяны мақұлдады", - деп Елисей сарайының мәлімдемесін келтірді РИА Новости.
Алайда Ресей Украинаға басып кірмеген жағдайда ғана саммит өткізілетіні айтылды. Ресей эскалация бойынша мұндай жоспарды толығымен жоққа шығарып отыр.
Саммит күн тәртібін АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 24 ақпандағы кездесу кезінде дайындайды.