НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Өз-өзіне диагноз қою және емдік процедураларды тағайындаудың салдары ауыр болуы мүмкін, дейді медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбеков.
Маман кез келген дәрілік заттың адам ағзасына екі түрде әсер етуі мүмкін екенін айтады: біріншіден, егер препарат дұрыс және қажетті дозада тағайындалса, ол пайдалы, екінші әдісі – негізсіз және дұрыс емес дозаларда қолданған жағдайда зиян келтіруі, тіпті өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
"Өзін-өзі емдеу кезінде адам дәрі-дәрмектің дозасы мен жиілігін бейтаныс адамдардың кеңесіне сәйкес таңдайды. Антибиотиктердің дұрыс емес дозасы және қолдану жиілігі патогеннің осы препаратқа төзімділігін арттыруға көмектеседі. Кейіннен, егер бұл ем тиімсіз болып, қайтадан емделуге мәжбүр болса, бұл антибиотик, өкінішке қарай, ол адамның ағзасына әсер етпейтін болады", – деді департамент басшысы елорда әкімдігінің сайтына берген сұхбатында.
Эпидемиологиялық жағдай кезінде коронавирус инфекциясынан өз бетімен емделу мәселесі өзекті бола бастады.
"Үйде өз бетімен емделетін көптеген пациент антибиотиктердің әр түрін қолданады, бұл кері әсер етуі мүмкін. Антибиотиктер иммундық реакцияны қалыптастыратын қалыпты ішек микрофлорасының өсуін тоқтатады. Тиісінше, мұндай науқастың иммунитеті төмендей береді. Сонымен қатар, бактерияға қарсы препараттарды дәрігерлердің тағайындауынсыз қабылдау микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға төзімділігінің дамуына әкеледі", – деп түсіндірді маман.
СOVID-19 диагнозы бар пациенттердің медициналық құжаттамасын зерделеу кезінде пациенттер медицина ұйымдарына жүгінбегені және 54%-і ауыр халде стационарларға түскені анықталды. Көптеген пациент өз бетімен емделген, дәрігердің нұсқауынсыз дәрі-дәрмектерді қолданған, бұл ауру деңгейін күшейте түскен.