НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге – 22-24 ақпандағы ауа райына болжам жасады.
Алдағы үш тәулікте ел аумағының оңтүстік жартысы антициклон ықпалында болады. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Алайда елдің солтүстік жартысында қар жауып, бұрқасындатады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді. Республика бойынша тұман және көктайғақ болжанып отыр", - деп мәлімдеді Қазгидромет.
Қазақстанның солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус, ал шығысында 10-29 градус аяз күтілуде. Оңтүстікте ауа температурасы минус 5 градустан +5 градусқа дейін көтерілсе, батыста 0-10 градус суық болады.
22 ақпан: ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, кешке қар жауады. Түнде -6, күндіз -4 градус суық.
Алматыда күн ашық, түнде +1, күндіз +5 градус жылы.
Шымкентте де күн ашық, түнде +3, күндіз +13 градус жылы.