Өңірлер

Атырауда жүргізуші зейнеткерді қағып кетті

Ол ауыр жарақат алып, көп ұзамай ауруханада көз жұмды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Атырауда зейнеткерді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Ак Жайык.
Оқиға 18 ақпан күні кешкі сағат 20.00 шамасында Досмұхамбетов көшесінде болған. Арменияда тіркелген Toyota Sienna көлігінің 47 жастағы жүргізушісі жаяу жүргінші өткелінен тыс жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 85 жастағы ер адамды қағып кетті.
Ол ауыр жарақат алып, көп ұзамай ауруханада көз жұмды.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.