НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Атырауда облыс әкімдігіне шабуыл кезінде қаруы болмаған полицейді соққыға жыққан жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздіктер барысында болған.
"Облыс әкімдігі ғимаратына шабуыл жасау кезінде қоғамдық тәртіпті күзетіп жүрген қарусыз полицейді аяусыз ұрып-соққан жергілікті тұрғын ұсталды", - деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ашулы топ полиция қызметкерін қоршап алып, соққыға жыққан. Салдарынан ол жерге құлап, ұсталған азамат оны басынан ұрған.
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.
Айта кетері, қаңтар оқиғасы кезінде құқық қорғау органдарының 3 мыңнан астам қызметкері мен әскери қызметші жарақат алды. Бүгінде, ІІМ мәліметінше, олардың 107-сі ауыр жарақатпен ауруханада емделіп жатыр.