НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Жаңаөзенде қызметтік иттің көмегімен қала тұрғынының гаражынан қару-жарақ табылды.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің ақпаратынша, қару-жарақ "Мамыр" шағын ауданында тұратын 34 жастағы ер адамның гаражында жасырылған. Ұлттық ұлан әскерилері оны қызметтік иттің көмегімен тапты.
Гаражды тінту барысында заңсыз сақталған 1 шолақ аңшы мылтығы мен 1 спорттық мылтық тәркіленді.
Айта кетері, былтыр Ұлттық ұлан әскерилері қызметтік иттің көмегімен заңсыз есірткі айналымының үш фактісін әшкереледі.