НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Украинаның шығысындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Донбасқа бітімгерлер күштерін аттандыру туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Бұл туралы осы ұйымның бас хатшысы Станислав Зась мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл үшін Киевтің келісімі мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің рұқсаты қажет. Ұйым хатшысы қазір аймақтағы шиеленісті бейбіт жолмен бәсеңдету қажет екенін атап өтті.
"Донбассқа бітімгерлік күштерді аттандыруға болады. Бірақ бұл үшін Украинаның келісімі қажет. Өйткені бұл сол елдің аумағы. Бұдан бөлек БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандаты керек және осы шешімді ұйымға мүше елдердің бәрі қолдауы тиіс", - деді Станислав Зась.
Айта кетейік, Донбассқа халықаралық бітімгерлік контингентті орналастыру мәселесі бұған дейін де бірнеше мәрте көтерілген. Алайда тараптар шетелдік әскерилерді орналастыру бойынша ортақ шешімге келе алмады.