НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа өтті.
20 ақпандағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:
"қызыл" аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
"сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары;
"жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
Жуырда Қазақстанда карантин жеңілдетіліп, отбасылық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілді. Сонымен қатар кеңседе жұмыс істеуге тыйым салатын шектеулер толығымен алынып тасталды.
Бұдан бөлек, енді вакцина алмағандар "қызыл" аймақта да сауда орталықтарына еркін кіре алады.