НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Түркияның Конья қаласында туристер мінген автобус аударылды. Алдын ала мәлімет бойынша бес адам қаза болды, деп хабарлайды РИА Новости.
Анадолу агенттігінің ақпаратынша, жантүршігерлік жол апаты сенбі күні болған.
Туристік автобус Аксарай мен Конья елді мекендері арасында тас жолдан ұшып кетіп, артынша аударылған.
Алдын ала мәлімет бойынша бес адам көз жұмды, 26 турист түрлі жарақат алды.