НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Алматыда индустриялды аймақ аумағында заңсыз жұмыс істеген майнинг фермасы анықталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, тергеу соты санкциясымен тінту кезінде 6 контейнерден майнинг фермалары табылды. Цифрлық криптовалютаны өндіруге арналған шифрлау кешені бар 700 бірлік жабдық тәркіленді.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Екібастұз ГРЭС-1 желісіне майнингтік орталықтардың заңсыз қосылғанын хабарлаған болатын.
Алайда көп ұзамай Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС кәсіпорынның өндірістік алаңында майнингтік орталықтар анықталғанын жоққа шығарды. Айтуынша, кәсіпорын аумағында бөтен ұйымдар жоқ және болуы мүмкін емес.