Бейжің Олимпиадасы

Бейжің Олимпиадасы: тағы бір қазақстандық спортшы финалға шықты

Финалдық бәсекелер елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстандандық конькиші Надежда Морозова масс-старт бойынша Бейжің Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бейжіңде әйелдер арасында конькимен жүгіруден масс-старт бойынша жартылай финалдар өтті. Оған Қазақстанның атынан Надежда Морозова қатысты.
Жартылай финалда Морозова өз тобында сегізінші орынға ие болды. Ал ереже бойынша финалға үздік сегіз спортшы шығады.
Финалдық бәсекелер елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады.
Айта кетері, бұған дейін екі қазасқтандық спортшы Ақ Олимпиаданың финалына шыққан болаты. Абзал Әжіғалиев шорт-тректен финалға жетсе де, төртінші орынға ие болды.
Ал фристайл-акробатикада Ақмаржан Қалмырзаева іріктеу кезеңінде топ жарып, бірден финалға шықса да, ақтық сында құлап қалған.
Бейжің Олимпиадасына 34 қазақстандық спортшы аттанған. Оларда 87 жолдама болды. Олимпиада ойындары 20 ақпанда аяқталады.