Бейжің Олимпиадасы

Бейжің Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы медальсіз қалды

Қазақстандық спортшылар арасында Олимпиадада конькиші Абзал Әжғалиев қана үздік нәтиже көрсетті. Отандасымыз шорт-тректе төртінші орын иеленді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Бүгін Қазақстан құрамасы Бейжің Олимпиадасындағы сайысын тәмамдады. Соңғы болып өнер көрсеткен конькишілер Надежда Морозова масс-стартта 14-ші орынға тұрақтаса, оның күйеуі Дмитрий мәрені 19-шы болып аяқтап, финалға өте алмады.
Шаңғы марафонында қазақстандық спортшы Евгений Величко 43-ші нәтиже көрсетті. Айта кетері, марафон қолайсыз ауа райына байланысты 30 шақырымға дейін қысқарған еді.
Дүбірлі додада шорт-трекшілер ғана ТОП-6 қатарына кірді.
Құрамында Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова және Яна Хан болған Қазақстан құрамасы аралас эстафетада бесінші орыннан көрінді. Ал кейін Абзал 500 метрді төртінші болып аяқтады.
Осылайша құраманың ту ұстаушысы Әжғалиев Бейжің Олимпиадасы үшін мемлекеттік бюджеттен $40 000 сыйақы, ал қалған шорт-трекшілер 10 000 доллардан алады.
Спорт
Ұлттық Олимпиада комитетіне мемлекет қаржысы бөлінбейді – ресми құжатқа қол қойылды