НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Жексенбі, 20 ақпанда Қазақстанның барлық дерлік аумағы антициклон ықпалында болады. Соның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз, тек елдің батысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Республиканың кей жерлерінде тұман түседі.
Дабылды ескерту
20 ақпанда Атырау облысының батысында, шығысы мен орталығында тұман, көктайғақ болжанып отыр.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігін тұман басады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысының орталығында тұман түседі деп күтілуде.
Өңірлердегі ауа райы
Жамбыл облысының солтүстік, таулы аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде, Түркістанның солтүстігінде, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі.
Атырау облысының батысында, шығысы мен орталығында тұман, көктайғақ болжануда. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ, 15-20 м/с жел соғады, батысы мен солтүстігін тұман басады.
Алматы облысы Алакөл көлі ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с дейін барады.
Мегаполистерде ауа райы қандай болады
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз минус 7-9 градус, түнде минус 13-15 градус.
Алматыда күн ашық, күндіз 3-5 градус жылы, түнде 5-7 градус суық.
Шымкентте күн бұлтты, күндіз 12-14 градус, түнде 2-4 градус жылы.