Қоғам

Pfizer вакцинасы сатылмайды – денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрлігі мен Pfizer компаниясы арасындағы келісімшарт бойынша жанама алып сатуға тыйым салынған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы неліктен ақылы түрде салынбайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өкінішке қарай, Pfizer бізге ақылы вакциналауға рұқсат бермей отыр. Компания екпені алып сату жағдайлары көбейіп кетеді деп санайды. Ал денсаулық сақтау министрлігі мен Pfizer компаниясы арасындағы келісімшарт бойынша жанама алып сатуға тыйым салынған. Сол себепті ақылы вакциналау мүмкін емес деген шешімге келдік", - деді Бүркітбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Осы орайда вице-министр ведомствоаралық комиссияның ревакцинацияға қатысты соңғы шешімін жариялады.
"Комиссия мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және 50 жастан асқан адамдарға ревакцинация жасау туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті Бүркітбаев.
Отбасылық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілді: карантин жеңілдетілді