Қоғам

Күн жылынады: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

19-21 ақпан аралығында республиканың батысында жаңбыр, қар жауады
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Қазгидромет мамандары 19-21 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктер болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды.
19-21 ақпан аралығында республиканың батысында жаңбыр, қар жауады, 20-21 ақпан аралығында солтүстік-батыста, 21 ақпанда елдің солтүстігіне қар жауады, жел күшейіп, көктайғақ болады.
Республика бойынша температура жоғарылайды. Ауа температурасы батыста түнде -5...+5°C дейін, күндіз +2...+13°C дейін, солтүстікте, солтүстік- батыста түнде -5...-16°C дейін, күндіз -8...+ 2°C дейін көтеріледі.
Орталықта, шығыста түнде -8...-17°C, күндіз -1...-10°C, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5...+5°C, күндіз +5...+13°C дейін жоғарылайды.

Ірі қалалардағы ауа райы

Алматыда 19 ақпанда күн ашық, түнде -9°C, күндіз 0°C көрсетеді. 20-21 ақпанда да күн ашық болады. Ауа температурасы түнде -4...-3°C, күндіз +5°C көрсетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында 19-20 ақпанда күн ашық болады, түнде -18...-14°C, күндіз -7°C болады.
21 ақпанда ауа температурасы түнде -12°C, күндіз -6°C көрсетеді.
Шымкентте 19 ақпанда күн ашық, түнде -4°C, күндіз +13°C жылы. 20-21 ақпанда да күн ашық болады, термометр бағаны түнде 0...+1°C, күндіз +14...+15°C көрсетеді.
Тосынсый жасауы мүмкін: көктемде ауа райы қандай болады