Бұл туралы Sputnik радиосына берген сұхбатында медицина ғылымдарының кандидаты, иммунолог Николай Крючков айтып берді.
Күз-қыс маусымында адам орта есеппен екі-үш рет жіті респираторлы вирусты инфекция және тұмаумен ауырады. Егер адам бұған дейін коронавируспен ауырған болса, онда тұмау ауыр сипатта жүруі міндетті емес.
"Егер коронавирусты инфекция жеңіл түрде жүрсе, онда ешқандай асқыну болмауы керек. Егер коронавирустан кейін оның ауыр салдары сақталып қалса және оған тұмау инфекциясы қосылса, онда тұмау әлдеқайда ауыр сипатта өтеді", - деді ол.
Яғни коронавирустың қалай өткенін және оның салдарын есепке алу маңызды.
Әдетте постковидті синдром аурудың асқыну шегінен кейін шамамен бір ай өткен соң білінеді, дейді иммунолог. Сондықтан осы бір ай ішінде басқа вирус жұқтырып алмауға барынша тырысу керек.
"Ауыр сипатта өткен коронавирустан кейін бір немесе одан да көп уақыт өткен соң өмір сүруга қолайсыздық тудыратын қандай да бір симптом сақталып қалса, онда ағза коронавирус инфекциясының салдарына толығымен төтеп берді дей алмаймыз. Ол жүйке жүйесі, өкпе, жүрек-қантамыр жүйесі, тері, иіс жоғалту сынды алуан түрі симптом болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тағы бір инфекция жұқтыру жағдайды асқындырып жіберетінін түсіну керек", - дейді дәрігер.
Бұл оның салдары міндетті түрде ауыр болады деген сөз емес. Бірақ науқас тұмаудан ұзақ емделуі мүмкін.