Әлем

Канадада фура жүргізушілерінің наразылық акциясы нәтиже берді

Батыс елдерінде кезекті дүрбелең басталған сыңайлы: қалаларда мыңдаған адам жиналған жаппай наразылықтар, полицияның қарсылығы, репрессия, белсенділерді қудалау, қозғалыстың халықаралық сипаты.
Sputnik
Бұл жолы наразылық білдірушілер "Бостандық жасағы" деген ұран астына бірікті, деп жазды РИА Новости.
Бұл қозғалыс қаңтардың аяғында Канадада пайда болды. Үкіметтің АҚШ-пен шекарада вакциналау туралы сертифкат көрсетуді, егер мұндай құжат болмаса, екі аптаға карантинге жабу туралы талабы жергілікті алысқа қатынайтын жүргізушілердің наразылығын тудырды. Жүздеген фура жүргізушісі 23 қаңтарда Оттаваға бет алып, сол жақта қарсылық акциясын өткізуді көздеді.
Премьер-министр Джастин Трюдо бірнеше күн қатарынан алысқа жүретін жүргізушілерді "антиваксерлер", "маргинал" деп атап, полиция оларға тоқтау бола алады деп үміттенді. Бірақ наразылық білдірушілер Оттаваға қарай бағыт алғанын естігеннен кейін Трюде біршама уақытқа ұшты-күйлі жоқ боп кетті.
Ол отбасымен бірге бункерге тығылды деген сыбыс тарады, деп жазды ресейлік ақпарат агенттігі.
Канадалық фура жүргізушілері ештеңені бүлдіріп-қиратпайтынын және билікті құлатуды көздемейтінін алдын алы мәлімдеді. Олар Оттаваға жеткеннен кейін лагерь құрып, қаланың орталық көшелеріне жайғасты.
Бұл қозғалысқа қиындық тудырғанымен, қала тұрғындары оларға тамақ тасып, ас-су беріп, бензинмен қамтамасыз етті. Жергілікті халық жүргізушілерді үйлеріне кіргізіп, жуынып-шайынуға рұқсат етті. Тіпті бүлікшілерді қамауға алуы тиісті полиция қызметкерлері де оларға көмек көрсетті.
31 қаңтарда ауыр көлік жүргізушілері АҚШ пен Канада шекарасына жетіп, шекара өткелін, екі елді байланыстырып тұрған шоссе мен көпірлерді бұғаттады. Бұл бұғаттаудың қос мемлекеттің экономикасына қаншалықты шығын келтіргенін айтпаса да түсінікті болар. Себебі АҚШ Канадаға жеткізетін тауар құны жапондарға бағытталатын тауардыкімен бірдей. Канада бизнесі үшін де АҚШ ірі нарықтың бірі. Алайда осының бәріне қарамастан, халық жүргізушілер революциясын қолдауды тоқтатпады.
Әлем
АҚШ федералды резерв мөлшерлемесін арттыруды көздеп отыр
31 қаңтарда қозғалыстың есепшотына тоғыз миллионнан астам канадалық доллар түсті. Ал билік краудфандинг платформасына жиналған ақшаны "Бостандық жасағына" аударуға тыйым салды. Онымен қоймай, ақша аударған адамдардың жеке тұлғасын анықтап, оларға айыппұл салды және банктегі есепшоттарын бұғаттады. Сондай-ақ жүргізушілерге бензин сыйлағандарға да айыппұл салынып, екі жылға түрмеге жабылу қаупі төнді. Джастин Трюдо елде төтенше жағдай енгізілетінін хабарлады.
Канада тарихында "Төтенше жағдайлар туралы заңды" жалғыз рет сол кездегі ел премьер-министрі, Джастин Трюдоның әкесі қолданған болатын. 1970 жылы атыс пен жарылыстың аясында Квебек Канададан бөлініп шығуға тырысты.
Вакиналау туралы сертификат қолға түскен кездейсоқ себеп болғаны елгілі. Өйткені Канада екпе саны бойынша әлемде көш бастап тұрған елдің бірі. Ауыр көлік жүргізушілерінің 85-90 проценті вакцина салғызған.
Наразылық білдірушілердің шамына тиген басқа жағдай. Олар пандемия бәзбіреулер үшін әкімшілік шараларды қолданысқа енгізіп, онсыз да тұрақсыз тіршілікті одан бетер ушықтырып жатқанына ашулы.
Мемлекет екі жылға жуық уақыт бойы локдаунда болды. Шағын бизнес тақырға отырды. Бетперде тағу режимі мен ковид паспорты ахуалды шиеленістірді. Канада мен АҚШ арасындағы қозғалыс, барлық жүк тасымалы билік шешімімен тоқтатылды.
Адамдар бұл шектеулер оларды жұмысынан айырып, жеткізулерді кідіртуге және бағаның өсуіне алып келгенін көрді. Билік бәріне пандемия кінәлі дегенмен, сондай сәйкес шешімді өздері қабылдап жатты. Сондықтан ел үкіметі тапшылық тудырып, логистиканы бұзуға тікелей өзі жауапты деген ой қалыптасты. Ал бар ауыртпалық қарапайым халыққа түсті.
Мұндай жағдай құрлықтық Еуропа мен АҚШ-та да байқалады. Америкада "Бостандық жасағын" республикашылдар, үлкен және кіші Трамптар қолдап отыр. Еуропада фура жүргізушілері "сары жилетке" қосылды. Олар барлығы қалаларды бұғаттап, коронавирус шектеулеріне наразылық білдіріп жатыр. Ақпанда Париж, Брюссель, Биаррице, Ларнакта он мыңдаған адам бостандық үшін күресті. "Бостандық жасағы" акциясы Австралия мен Жаңа Зеландияда да өтіп жатыр.
Бұл қозғалыс ішінара көздеген ммақсатына қол жеткізді. Канада, Германия, Австрияда коронавирустың ақылға қонымсыз шектеулерін алып тастап жатыр. Ал негізінен коронавирус шектеулері – бұл кәдімгі медициналық-санитарлық шара болуға тиіс және адамдардың онсыз да ауыр жағдайын шиеленістірмеуі қажет.