Қоғам

Алып сарбаз: Атырау тұрғыны әскерге бару үшін 20 келіге арықтады

Оның бойы – 1,99 метр, аяқ киімінің өлшемі - 47
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Атыраулық Никита Шевниннің бойы екі метрге жақын. Ол ұлттық ұланда әскери борышын өтеу үшін 20 келіге арықтаған.
Қазіргі кезде қатардағы жауынгер Шевнин ұлттық ұланның "Батыс" аймақтық қолбасшылығының №5546 әскери бөлімшесінде азаматтық борышын атқарып жүр.
Оның бойы – 1,99 метр. Бұрын артық салмағы болып, 140 келіге дейін жеткен. Ал әскерге бару үшін 20 келіге арықтауға тура келді.
Никита Шевнин мен сарбаздар
"Жазда жинау пунктіне барғанда артық салмағым бар деді. Ол кезде әскерге алмады. Содан колледждегі оқуымды жалғастырып, салмақты қууға кірістім. Бірнеше айдың ішінде 20 келі тастадым. Қазіргі салмағым, шамамен, 112 келі", - дейді Шевнин.
Оның айтуынша, мектеп кезінде бойы жылдам өсе бастады. Қазір казармадағы төсегіне әзер сияды. Аяқ киімнің өлшемі – 47.
"Бас кезінде сәл ыңғайсыздау болды. Әскери бөлімшеде бәрі бойымды сұрап, таңғалатын. Қазір үйренді", - деп атап өтті Шевнин.
Никита тағы салмақ тастаймын деп отыр. Ол бөлімше командиріне әскери қызметтің аяғына дейін салмағы 90 келіге жеткенге дейін арықтауға сөз берді.