НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Жоғарғы сот судьясы Жаңылсын Архарова отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Парламент сенатының отырысында Қазақстан Жоғарғы сотының судьясын қызметтен босату туралы мәселе қаралды.
Тиісті ұсынымды ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев енгізген болатын.
"Сіздердің қарауларыңызға Жаңылсын Архарованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынымы келіп түсті", - деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.
Ол Архарова өз ортасында беделді, тәжірибелі судья екенін атап өтті. Еңбек өтілі 26 жылдан асады. Соның ішінде 9 жылдан астам уақыт Жоғарғы сот судьясы қызметін атқарды.
Ал 2020 жылдың желтоқсанынан бастап Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі болды.
Сенат депутаттары президенттің ұсынымын бірауыздан қолдады.