Экономика

Тоқаев шетелдегі қаражатты қайтару туралы: ұзақ уақытқа созылатын жұмыс

Sputnik
АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайта әкелу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол үкіметке тиісті тапсырма берілгенін айтты.
Бұл мәселе бойынша үкімет екі айдан кейін нақты ұсыныс айтады.
"Содан кейін жұмыс басталады. Аталған мәселе бойынша ауқымды сараптама жасау керек. Онсыз болмайды. Содан кейін шетелдегі тиісті мекемелермен келіссөздер жүргізуге кірісеміз", - деді Тоқаев Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.
"Бұл өте күрделі әрі ұзақ уақытқа созылатын жұмыс болатын сияқты. Оны ашық айтқан жөн. Бірақ әділдікке жету үшін осы жұмысты бастау керек. Шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтаруға тиіспіз", - деді мемлекет басшысы.