Қоғам

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті үкімет қаулысы жобасын әзірледі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстандықтар 18 қарашада Ұлы көш күнін атап өтеді.
Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі 43-1-тармақпен: Ұлы көш күні – 18 қараша деп толықтырылсын", - делінген құжатта.
Жоба 3 наурызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
2021 жылы күзде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Ұлы көш күнін мерекелік күнтізбеге енгізуді тапсырған еді.
Білім
Қазақстанда жаңа мереке пайда болады
Айта кетері, Ұлы көш 1991 жылы басталды. Қандастарға өз атажұртына оралуға мүмкіндік берген құжат 1991 жылғы 18 қарашада қабылданды.