Оқиға

Павлодарда рельстен шығып кеткен трамвай желіде әзілге айналды – видео

Вагонда жолаушылар болған, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде қозғалыс қалпына келтірілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Павлодар қаласында жолаушылар мінген трамвай рейльстен шығып кетті. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті.
Ресми мәліметке сәйкес, 14-бағдарда жүрген трамвай Назарбаев пен Ломов көшелерінің қиылысында рельстен шығып кеткен.
"Трамвай жүргізушісі қозғалыс қауіпсіздігін сақтамай, жылдамдықты асырып жіберді. Соның салдарынан артқы доңғалақтары рельстен шығып кетті", - дейді трамвай басқару қызметінің мамандары.
Вагонда жолаушылар болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде қозғалыс қалпына келтірілді.
Ал желі қолданушыларының көбісі қыста велосипед теуіп жүрген ер адамға назар аударған. Адамдар жол апатына сол кінәлі деп әзілдеп жатыр.
"Травмай емес, айналып өтеді" деп ойлаған ғой", "Трамвай жүргізген әйел велосипедпен келе жатқан алғашқы махаббатын көріп, рөлге ие бола алмай қалған шығар", деп жазды жұрт.