Өңірлер

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары үйқамаққа жіберілді

Ниязовтың 4 ақпанда қамауға алынғаны туралы хабарланған болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Ғалымжан Ниязов 24 наурызға дейін үйқамаққа жіберілді, деп хабарлады облыстық тергеу соты.
Тергеушінің өтініші бойынша Ғалымжан Ниязовтың "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы 16 ақпанда "үйқамаққа" ауыстырылды.
Ниязовтың 4 ақпанда қамауға алынғаны туралы хабарланған болатын.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Оның соңы ауыр зардаптарға алып келген.