Өңірлер

Мас күйінде көлік тізгініне отырған әкім жұмыстан қуылды

Шенеунік қаңтардың басында Маңғыстаудағы наразылық акциялары кезінде мас күйде көзге түскен
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Әдеп жөніндегі кеңес мас күйінде көлік айдағаны үшін Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаевты жұмыстан шығаруды ұсынды.
Айта кетері, бұған дейін Әзірбаев митингке шыққандармен кездесуге барған кезде мас күйде көлік тізгініне отырғаны белгілі болды. Сол әрекеті үшін әкім 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Енді ол жұмыстан қуылды.
"Кеңестің кезекті отырысында оны мемлекеттік қызметтен босату туралы бірауыздан шешім қабылданды. Заң мемлекеттік жұмысқа орналасуына шектеу қоймайды. Заңда бұл жағынан тыйым салудың нақты мерзімін белгіленбеген", - деді "Астана" телеарнасына мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Думағұлов.
Қоғам
"Басқа елге кетуге тура келеді": Олимпиада чемпионы әкім сыйлаған үйден неге қуылды