Фото

Бейжің-2022: Олимпиада ойындарының қызықты сәттері – фото

Жеңіске жетер жол түрлі эмоцияға толы екені даусыз. Сондықтан Олимпиада қатысушыларының бет-жүзінен қуаныш, өкініш, мазасыздық, жеңіске деген құлшыныс, сәтсіздік салдарын, күлкі мен үмітті көруге болады
Sputnik
Спортшылардың жарысқа дейінгі, жарыс кезіндегі және одан кейінгі бет-әлпетіне зер салып қарасаңыз, түрлі эмоцияны көре аласыз. Сондай-ақ Олимпиада ойындары кезінде түрлі күлкілі әрі күтпеген жағдайлар болады.
Фотографтар мұндай сәтті қалт жібермей, суретке түсіріп алып, кейіннен қызықты кадрларды әлем назарына ұсынады. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезінде түсірілген қызықты сәттердің суреттер топтамасын тамашалаңыз.
1 / 18

Венгриялық шорттрекші Шаолинь Шандор Лю.

2 / 18

Америкалық скелетоншы Кэти Юлендер қысқы Олимпиадада өнер көрсетіп жатыр.

3 / 18

Италиялық мәнерлеп сырғанаушы Даниэль Грассль Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада кезінде ерлер арасындағы мұзда жалғыз сырғанау жарысына қатысып жатыр.

4 / 18

Коньки тебуден әйелдер арасында 1500 метр қашықтыққа жүгіруден күміс медаль жеңіп алған Михо Такагиді (Жапония) марапаттау сәті.

5 / 18

Жарыс кезіндегі АҚШ құрамасының хоккейшісі.

6 / 18

Польша құрамасының конькишілері.

7 / 18

Цзинь Боянның (ҚХР) мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетіп жатқан сәті.

8 / 18

Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиада ойындары. Шаңғымен сырғанау. Ерер арасындағы жарыс, 15 км + 15 км. Скиатлон.

9 / 18

Дәрігер Дин Хунтао Олимпиада ойындары кезінде шыны экран арқылы сүйіктісіне жылы лебіз білдіріп тұр.

10 / 18

Францияның мәнерлеп сырғанаушысы Кевин Эймостың Бейжіңдегі Олимпиада кезінде өнер көрсетіп жатқан сәті.

11 / 18

Қытайдың мәнерлеп сырғанаушылары Ван Шиюэ мен Лю Синьюй мұз айдынында барын салып дайындаған нөмірін орындап жатыр.

12 / 18

Олимпиада жарысы кезінде америкалық спортшы Райан Пивиротто мен италиялық спортшы Пьетро Сигеля оңбай құлады.

13 / 18

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада кезінде жарысқа түскен австралиялық спортшы Николас Тиммингс.

14 / 18

Шорт-трек бойынша жарысқа қатысқан ресейлік спортшылар, Ресей құрамасының мүшелері Софья Просвирнова мен Семен Елистратов.

15 / 18

Әйелдер арасында сноубордтан жарыс кезінде слоупстайл финалын тамашалап тұрған техникалық қызмет саласының қызметкері.

16 / 18

Нидерланды спортшысы Ирен Схоутеннің Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада жеңіске жеткеннен кейінгі сәті.

17 / 18

2022 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысқан Германия спортшысы Ромед Бауманн.

18 / 18

Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға қатысушы – Австриядан келген спортшы Ханна Прок.

XXIV қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтіп жатыр.
Олимпиада ойындарына Қазақстаннан тоғыз спорт түрінен 34 спортшы аттанды.
16 жарыс күнінде барлығы 15 спорт түрінен 109 медаль жиынтығы бәйгеге тігіліп отыр.