Өңірлер

Ата-анасынан қорыққан: Қарағандыда ұл бала асқазанындағы инемен екі күн жүрген

10 жастағы бала ата-анасының ашуынан қорқып, бірнеше күн бойы оларға ештеңе айтпаған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан — Sputnik. Қарағанды облысының дәрігерлері 10 жастағы баланың асқазанынан ине алып шықты.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстанға ұл бала 12 қаңтарда Жезқазған ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Ол жүріп-тұрған кезде іші ауыратынын, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарында бөтен зат бар екенін айтқан.
Баланың әкесі дәрігерлерге екі күн бұрын ұлы ойнап жүріп ине жұтып қойғанын айтты. Жергілікті пабликтің мәліметінше, бала болған оқиға жайлы ата-анасына бірден хабарламаған. Себебі ол әке-шешесінің ашуынан қорыққан.
Рентген науқастың асқазан-ішек жолдарында расында да бөтен зат тұрып қалғанын көрсеткен. Қосымша зерттеу бұл ағылшын инесі, яғни басында түйіршігі бар ине екенін көрсетті.
Дәрігерлер қауіпті затты алып шықты. Қазір баланың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.