НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан - Sputnik. Алматы полициясы терезесінен жартылай жалаңаш қыз шыққан көліктің жүргізушісін тапты.
Тексерісті Алматы қалалық патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізді, деді департамент бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов.
Көлік жүргізушісі анықталды. Ол 14.04.1997 жылы туған Қ. есімді азамат.
Жүргізуші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 230, 590, 593 және 599-ші баптарына сәйкес, жауапқа тартылды.
Жолаушы қызға қатысты тексеріс жалғасып жатыр.