НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында деструктивті діни ағым ұстанушылар тобын құрықтады.
Олар Қазақстан аумағында сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымға қатысты және экстремистік әрекет ұйымдастыру үшін адамдарды тартты деп күдікке ілінді.
Ұсталғандардың екеуі жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны және ұрлық үшін бұрын сотталған.
Тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізу кезінде олардан экстремистік мазмұндағы әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.
ҰҚҚ мәліметінше, тергеу іс-қимылдары жалғасып жатыр.