Қоғам

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: белгілі құқық қорғаушы әйелдердің зорланғанын мәлімдеді

Құқық қорғаушы Айман Омарова жәбірленушілер полицияға шағымданудан бас тартқанын атап өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Қайғылы қаңтар оқиғаларын тергеумен айналысатын комиссия өкілдері зорлау фактілері туралы айтты.
Қоғам белсенділерінің мәліметінше, тәртіпсіздіктер кезінде сұлулық салонының қызметкерлері зардап шеккен. Әйелдерді бесінші қаңтар күні жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан кезде зорлаған.
Тағы бір жағдай әкімдік ғимаратына жақын маңда болды, деп мәлімдеді комиссиядағылар. Алайда жәбірленушілер полицияға арызданбаған. Барлығының отбасы бар. Оларды зорлағандар табылып-табылмағаны хабарланған жоқ.