НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. Қазақстанда темекіге тәуелділікті төмендеуі аясында қабылданған заңнамалық нормаларға қарамастан, вейп тартатындар саны артып жатыр. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер мәселесі алаңдатып отыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
"Алдағы уақытта снюстерге сияқты ұқсас вейп айналымына қатаң тыйым салу керек. Сондай-ақ қыздырылатын темекі мен оны тұтыну құрылғыларына акциз салымдарын арттыру керек. Өйткені олар темекімен теңестірілді", - деді Ұлттық денсаулық сақтау орталығының сарапшысы Жанар Қалмақова.
Оның айтуынша, темекі шегуге қарсы күресте халық та оң өзгеріс танытып отыр. Бұған "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексте қолданылатын мемлекеттік бақылау шаралары мен заңнамалық тетіктер ықпал етеді. Темекі өнімдерін бақылау шаралары 2009 жылы қабылданып, 2020 жылы күшейтілді. Соның арқасында темекі тұтыну шамамен 7%-ке төмендеді.
Сарапшылардың ақпаратына сәйкес, 2007 жылы қазақстандықтардың шамамен 27%-і темекіге әуес болған. Ал 2019 жылы ересек тұрғындар арасында шылым шегу 20,4%-ге дейін төмендеген.
Қазір бұл әдеттен ерлердің 36,5%-і және әйелдердің 6%-і зардап шегіп отыр.