Қоғам

Теміржол билеттері 50 процент жеңілдікпен сатыла бастады

Мұндай жеңілдік алты бағыт бойынша қарастырылған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" компаниясы ақпан айының соңына дейін "Тальго" пойыздарына билетті жеңілдікпен алуға болатынын хабарлады.
28-51 процент жеңілдікпен алты бағыттағы пойызға билет сатып алуға мүмкіндік бар. Олар:
№ 29/30 "Алматы 2-Атырау" - 35% дейін;
№ 51/52 "Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1-Орал" - 28% дейін;
№ 69/70 "Алматы-Өскемен 1" - 51% дейін;
№ 111/112 "Алматы 2-Маңғыстау" - 43% дейін;
№ 105/106 "Алматы 2 – Петропавл" - 46% дейін;
№ 711/712" Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Шымкент" - 43% дейін.
"Жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады. Жолаушылардан вокзал аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтауды сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.
Оқиға
"116 млн теңге болған": желі қолданушылары пойызда тоналған қыздың әрекетін талқылап жатыр