Оқиға 15 ақпанда таңертең Өскемен-Шемонайха тас жолында болған. Қатты жел мен бораннан жедел жәрдем көлігі жолдың жиегіне құлап кеткен. Көлікте жүргізуші ғана болды. Полицияның хабарлауынша, ол зардап шеккен жоқ.
Оқиға болған жерге полиция келді. Олар жолдың көрінуі өте нашар екенін ескертіп, көлік жүргізушілеріне жолға шықпауға кеңес берді.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға аталмыш жолдың бөлігі ашық тұрған кезде болған. Кейін ол ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды.