Қоғам

Қазақстандықтар Әбу-Дабиге 10 мың теңгеге ұша алады

Нұр-Сұлтан – Әбу-Даби бағыты бойынша билет құны 20 еуродан басталады, деп мәлімдеді азаматтық авиация комитеті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстанда Нұр-Сұлтан – Әбу-Даби бағыты бойынша жаңа әуе рейсі іске қосылды.
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері астаналарын байланыстыратын жаңа рейс 14 ақпанда ашылды.
Рейстерді аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма сайын Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы орындайды. Жолаушыларды А-321 типті ұшақ тасымалдайды, деп мәлімдеді индустрия министрлігі азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Қоғам
17 жасқа толмаған балалар ел ішінде тегін ұша алады – талап қандай
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясы сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Билет құны 20 еуродан (9 760 теңге) басталады.