Елорда мен Қарағандыда бастауыш сыныптар қашықтан оқиды

Ауа райына байланысты 0-4 сынып оқушылары үшін офлайн сабақ тоқтатылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Сейсенбі, 15 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді. Нұр-Сұлтанда қазір боран соғып тұр, Атбасарға баратын тасжол жабылды.
Қарағандыда да осыған ұқсас жағдай: бастауыш сынып оқушылары үйде отырып оқиды.
Ал 5-11 сынып оқушылары тұрғылықты жерінің шалғайлығына байланысты, ата-анасының қалауы бойынша қашықтан оқи алады.
Ақмола облысының кейбір аудандарында барлық оқушы үшін офлайн сабақ тоқтатылды.