Бейжің Олимпиадасы

Бейжің – 2022: 15 ақпанда екі қазақстандық спортшы бақ сынайды

Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысына, Шерзод Хаширбаев фристайл-акробатикадан ерлер арасындағы іріктеуге қатысады
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Бейжіңде Қысқы олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Olympic.kz қазақстандық спортшылардан кімдер 15 ақпанда бақ сынайтынын жариялады.
Кестеге сәйкес, отандастарымыз 15 ақпанда шаңғы қоссайысы мен фристайл-акробатика бойынша жарыс жолына шығады.
Шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Ракпаров сайысқа түседі.
Басталуы: 14:00
Фристайл-акробатикадан ерлер арасында іріктеуге Шерзод Хаширбаев қатысады.
Бірінші іріктеу: 16:30
Екінші іріктеу: 17:45
Айта кетері, 14 ақпанда фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы жарысқа Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмырзаева шықты.
Ақмаржан Қалмырзаева фристайл-акробатикадан іріктеу кезеңінде 98.68 ұпай жинап, бірден финалға жолдама алды. Сөйтіп, 12 спортшының ішінде үздік нәтижені көрсетті. Алайда финалда осы жетістігін қайталай алмады, ол 11-орында жарысты аяқтады.