Өңірлер

Атырауда туған қызына азғындық жасаған ер адам сотталды

Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан - Sputnik. Атырауда балаға азғындық жасаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Ол өзінің туған қызына қатысты сұмдық әрекетін бір жыл бойы жүзеге асырып келген.
Сотталушының кінәсі куәгерлердің, жәбірленушінің айғақтары, сараптама нәтижелері және бейнежазбалармен толық дәлелденді. Ол сондай-ақ үйде оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Өңірлер
Жамбыл облысында кішкентай қызға азғындық жасаған педофил ауыр жаза арқалады
Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 124-бабы ("жас балаларды азғыру") және 287-бабы ("қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Сондай-ақ, оған өмір бойы педагогикалық лауазымдарды атқаруға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынады.
Сот үкімі заңды күшіне енді.