АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Алматыда қаңтардағы оқиғаларды қоғамдық тергеу бойынша "Ақиқат" комиссиясы баспасөз конференциясын өткізді.
Комиссия жетекшісі адвокат Айман Омарованың айтуынша, комиссия кімнің кінәлі екенін анықтамайды, қандай қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғанын анықтайды.
Алматыдағы тәртіпсіздіктерге кімдер қатысты
Қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін көптеген қазақстандық қоятын басты сұрақ – Алматы мен басқа қалаларды қиратып, бейбіт наразылықты қанды трагедияға айналдырған адамдар кім?
"Негізінен Алматыдағы тәртіпсіздікке Қазақстан азаматтары қатысты, бірақ Қытай халық республикасы, Өзбекстан, тіпті Сауд Арабиясының тумалары да қатысқан. Бұл полиция департаменті қарап жатқан істер туралы айтатын болсақ", - деп жауап берді Айман Омарова.
Прокуратура басшылық ететін ведомствоаралық жедел-тергеу тобындағы істерде күдіктілер арасында да басқа елдердің азаматтары кездеседі.
"Оқиғаға дейін олар қайда тұрған? Негізінен Түркістан облысында тұрған. Алматы және Жамбыл облысының тұрғындары да көп. Тұрақты әлде уақытша тұрғанын білмеймін. Маңғыстау, Қызылорда, Қарағандыдан келген адамдар ұсталды. Ұлты бойынша айтар болсақ, қазақтар мен ұйғырлар көп болған", - деді ол.
Алматы көшелерінде террористер болды ма
"Терроризм туралы сөз болғанда, адамдар террористің міндетті түрде сақалы болуы керек деп санайды. Сондай-ақ оның сақалы болмаса, міндетті түрде қандай да бір діни топқа жатуы керек деп ойлайды. Бұл – қате пікір", - деді адвокат.
Ол террористер болмады деген пікірмен келіспейтінін жеткізді.
"Кейбіреу бейбіт митинг болды және мұнда терроризм жоқ, ал халық террорист емес деп жатыр... бірін екіншісімен шатастырмау керек. Ешкім біздің халықты террорист деп жатқан жоқ. Бұл жерде мәселе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдар туралы болып отыр", - деп мәлімдеді Айман Омарова.
Оның айтуынша, жасалған құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 225-бабы бойынша "Терроризм актісіне" жатады.
"Жарылыстар болғанын жоққа шығарасыз ба? Әрине, жоққа шығара алмайсыз. Адамдардың өміріне қауіп төндірген өртеу және басқа да әрекеттер болғанын жоққа шығара аласыз ба? Жоқ. Қайтыс болғандар бар, олар аз емес. Мүлікке залал келгенін жоққа шығарасыз ба? Мұны жоққа шығаруға болмайды. Қоғамдық тәртіп бұзылғанын жоққа шығарасыз ба? Әрине, жоқ. Болған жайтты мен қылмыстық құқық бұзушылық, терроризм актісі деуге болады деп санаймын. Көптеген адам мұны түсінбестен: "терроризм қайда? деп айғайға салып жатыр", - деп толықтырды адвокат.
Омарова федералды тергеу бюросына Қазақстандағы қаңтар оқиғалары туралы сараптамалық пікір алу үшін жүгінгісі келетінін айтты. Ол мемлекеттік ғимараттарға жасалған шабуылдың арнайы операция ма, жоқ па, анықтауға көмектесетінін айтты.
"Әскери заңгерлер бұл қарапайым азаматтар мен полиция қызметкерлері арасында немесе полиция мен дайындалған кәсіби адамдар арасында атыс болғанын анықтай алады", - деді Омарова.
Қанша қылмыстық іс қозғалып жатыр
Қазір Алматы қаласының полиция департаменті мен аумақтық бөлімшелері 1 962 қылмыстық істі тіркеді, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері бойынша – 1 577, бөтеннің мүлкін қасақана жою бойынша – 121, қару мен оқ - дәрілерді заңсыз сақтау бойынша 71 іс бар.
Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 308 адам ұсталып, оның 32-сі арнайы прокуратураға берілді.
Айман Омарова арнайы прокуратураның терактілерге және басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар деп күдікке ілінген адамдардың ісімен айналысатынын айтты.
Ұсталғандарға қандай шара қолданылды
Омарованың айтуынша, құқық қорғау органдары тарапынан азаптаулар мен заңсыз әрекеттер саны артты, өйткені іс пен ұсталғандардың саны да көп.
"Бұл мүлдем дұрыс емес, өйткені терроризмге қарсы тергеулерде адам құқықтары жиі бұзылады, ал полиция немесе басқа құқық қорғау органдары, ҰҚК немесе прокуратура көбінесе бұл әрекетін теракт әрекеті жасалғанымен байланыстырады", – деді Айман Умарова.
Ол Қазақстан президентіне "терроризм актісі" бабы бойынша Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы тергейтін қылмыстық істерге қатысуына рұқсат беру туралы өтініш айтқан.
ҰҚК қызметкерлерін ведомствоаралық тергеу тобынан шығаруды талап етті
Адвокат Айман Омарова ҰҚК қызметкерлерінің жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар екенін ұмытпай, оларды ведомствоаралық жедел-тергеу тобынан шығаруды талап етті.
Ол комиссия Алматыда наразылық білдірушілерді бірнеше топқа бөліп отырғанын айтты:
бейбіт митингіге шыққандар;
бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдары арасындағы қақтығыстарды тудыратын ұйымдасқан топтар;
азаматтарды қорқыту, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға мәжбүрлеу үшін ұйымдастырылған топтар;
бұйрық келетін бағыт басшылары;
тәжірибелі басып алатын топтар (олардың ішінде Омаровтың пікірінше, құқық қорғау органдарының және ҰҚК арнайы бөлімшелерінің қызметкерлері болуы мүмкін).
ҰҚК қызметкерлері митингіге шыққан адамдарға ғимараттар мен қару-жарақты тастап кеткендіктен, ол оларды тергеуге қатысудан шығаруды сұрайды.
Алматы трагедиясы
Қазақстанда қайғылы оқиғалар 2022 жылдың қаңтарының басында болды. Мұның бәрі сұйытылған газ бағасының екі есе өсуіне қарсы жаппай наразылықтардан басталды және 11 ірі қалада тәртіпсіздікке ұласты. Бас прокуратура мен денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаппай тәртіпсіздік салдарынан 227 адам қаза тапты.